Мұнай құбыры—ол мұнайды тұтынушыға тасымалдау үшін арналған, құбыр желісі көлігінің инженерлік-техникалық ғимараты. Магистральдық және кәсіптік мұнай құбыры. Магистральдық мұнай құбырлары және мұнай өнімінің құбырлары диаметріне байланысты төрт сыныпқа бөлінеді:
I — 1000—1200 мм
II — 500—1000 мм
III — 300—500 мм
IV — 300 мм аз
Желілік объектілерді (соның ішінде барлық санатты автожолдар) қайта құру және жаңа құрылысы кезінде мұнай құбырларын ауыстырып салу немесе қорғау қажет, соның тұрғысынан біздің «ШЫҢДАУ» ЖШСжобалау компаниясы осындай жобалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстарды орындайды. Ол инженерлік-геологиялық, инженерлік-геодезиялық және бірқатар басқа ізденістер кешенін өткізумен бірге орындалады.
Мұнай өнімдерін тасымалдау объектілерінің қауіпті өндірістік объектілер болып табылатындығын ескере отырып,«ШЫҢДАУ» ЖШС мамандары осындай объектілерді жобалау құқығына аттестацияланған.
Магистарльдық құбыр желілерін, қағида бойынша, жер астынан өткізеді. Ерекше жағдайларда құбыр желілері жердің беті бойынша үйіндіде (жер үсті) немесе тіректерде (жер беті) төселе алады. Мұндай төсемдерді шөл далада, батпақты тауларда, мәңгі тоңдық және тұрақсыз топырақтарда, өткелдерде табиғи және жасанды кедергілер арқылы салуға жол беріледі. Құбыр желісін төсеу жалғыз немесе жалпы техникалық дәрізде параллель құбыр желілерінің құрамында жүзеге асырылады. Техникалық дәліздегі тармақтар сасны тасымалданатын өнімнің жиынтық көлемінің шектік санымен реттеледі.
«ШЫҢДАУ» ЖШС компаниясының мамандары мұнай құбырларын жобалау кезінде оған электр химиялық жемірілудің әсерін ескереді. Оларды қорғау үшін пассивті және белсенді құралдар және әдістер қолданылады. Пассивті құрал ретінде оқшаулау жабындары, ал белсенді әдіс ретінде электрхимиялық қорғау жатады.