Сұрақ қою
Біздің мамандар қызмет бойынша сізді қызықтыратын кез келген сұраққа жауап береді

Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы сәулет-құрылыс жобалауында түбегейлі жаңа құралдардың пайда болуына алып келді — Ғимаратты ақпараттық үлгілеу, Building Information Model (BIM).

BIM технологиясы – объектіні визуалдауды ғана емес, сондай-ақ ол туралы барлық деректерді: эскиздерден бастап инженерлік есептеулер мен құрылыс материалдары туралы деректерге дейін барлық деректерді бірге жинауға мүмкіндік беретін ғимараттың ақпараттық үлгісін құру.

Ақпараттық үлгі тек сараптама және құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін ғана емес, сонымен қатар құрылыс объектілерін пайдалану және жаңғырту үшін де сенімді ақпарат көзі болып табылады, ғимараттың барлық тіршілік кезеңінің құнын есептеуге, оның барлық сатыларында тиімді шешімдер қабылдауға, объектіні басқаруға мүмкіндік береді.

Көптеген елдерде өнеркәсіптік және азаматтық объектілерді салу кезінде ақпараттық үлгілерді құру және пайдалану міндетті болып табылады және мемлекетпен нормативтік құжаттарда бекітілкен.

BIM-технологияларды қолдану объектілерді салуға жұмсалатын шығындарды 30%-ға төмендетеді.

«ШЫҢДАУ» ЖШС компаниясының жобалау бөлімі BIM технологиясы ортасында көшбасшы болып табылатын Autodesk Revit бағдарламалық кешенін жетік меңгерген.

Тізімге оралу