20160914_114057.jpg

Біз туралы

«ШЫҢДАУ» ЖШС жобалау-іздестіру компаниясы 2006 жылдың қазан айында құрылды және Қазақстан Республикасының аумағында құрылыс үшін жобалау және іздестіру жұмыстарында табысты қызмет көрсетуде.

«ШЫҢДАУ» ЖШС қаржылық-тұрақты, дамып келе жатқан, өз мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға нақты келе жатқан компания. Тоғыз жыл ішінде компания өз жұмысында келесі қағидалармен жұмыс істей отырып, нық қадам басып келе жатқан бәсекеге қабілетті ұйым ретінде өзін көрсете білді:

  • Сапа менеджменті жүйесін үнемі жақсарту
  • ҚТ бойынша енгізілген рәсімге сәйкес қауіпсіздік техникасын сақтау
  • Жұмысты сапалы және мерзімінде орындай отырып, тапсырыс берушілердің күткенінен асып түсу.

«ШЫҢДАУ» ЖШС 21.12.2009 ж. № 3474 «Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамының тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді адал жеткізушілердің бірыңғай тіркелімінде тұрады.

"ШЫҢДАУ" ЖШС Қазақстан Республикасының аумағында жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау құқығын беретін барлық қажетті лицензиялары, аттестаттары, бағдарламалық қамтамасыз етулері, ең озық кеңсе техникасы, аспаптар мен құралдары бар және «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ сәйкестікті растау жөніндегі органымен ISO 9001:2008, ҚР СТ ИСО 9001 -2009, ISO 14001:2004, ҚР СТ ИСО 14001 -2006, OHSAS 18001:2007, ҚР СТ OHSAS 18001-2008 халықаралық стандарттарымен сертификатталған.