Авторлық қадағалау —жобалау құжаттамасын дайындауды жүзеге асырған тұлғаны, құрылыс процесінде жобалық құжаттамасы талаптарының сақталуын бақылау.
Ол құрылыс объектісін салу процесінде мердігер жүзеге асыратын қала құрылысы, сәулет-жоспарлау, көркемдік, техникалық, технологиялық және табиғат қорғау шешімдері мен іс-қимылдарының сәйкестігін бақылайды.
Авторлық қадағалау - мақсаты - бұрын бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыстың орындалуын бақылау.
Яғни, мұндай бақылаудың міндеті салынған объектінің жобаға толық сәйкес келуі.
Егер құрылыс барысында құрылыс салушы жобалық шешімді бұзса, онда Авторлық қадағалау өкілі Авторлық қадағалау журналына тиісті жазба жасауға және қадағалау органына түсіндірме жазбаны жіберуге міндетті. Сол кезде МСҚБ құрылыс салушыға қатысты шаралар қабылдайды.
«ШЫҢДАУ» ЖШС өзінің жобалау бөлімінде орындалған барлық құжаттарға авторлық қадағалауды жүзеге асырады.