Вахталық ауыл — вахталық әдіспен жұмыстарға жұмылдырылатын жұмысшылардың мекендеуіне арналған ғимараттар мен құрылыстардың кешені болып табылатын елді мекен. Вахталық ауылдар пайдалы қазбалардың кен орындарында, балықшылық учаскелерінде және жұмысшылардың тұрақты мекендеу орнына күн сайынғы орала алмайтын жерлерде салынады.
Еңбек кодексіне сәйкес вахталық ауыл белгілі бір талаптарға жауап беруі керек. Дәлірек айтсақ ауылда:
- электрмен, сумен және жылумен жабдықтау;
- интернет, тамақтандыру, демалу және бос уақытты өткізу ұйымдастырылуы;
- медициналық, сауда-тұрмыстық және мәдени қызмет көрсету болуы керек.
«ШЫҢДАУ» ЖШС компаниясы осындай түрдегі объектілерді жобалауда үлкен тәжірибеге ие.